Мәзір

4’33”

4’33”
17
17
18
18
19
19
5
5
4
4
3
3
7
7
11
11
1
1
22
22
26
26
29
29
21
21
15
15
17
18
19
5
4
3
7
11
1
22
26
29
21
15

1952 жылы америкалық композитор Жон Кейж сахнаға шығып, рояль алдына жайғасты. Ол аспаптың қақпағын ашты да… үн-түнсіз отыра берді.
Композитор төрт минут отыз үш секунд бойы қыбыр етпей, қонақтарға айналадағы дыбыстың бәрін естуге мұрсат берді: біреу жөтеледі, біреу тыпыршып отыр, енді бірі орындығын сырғытады. Кейж осы арқылы үнсіздікте де музыка барын көрсетті: әдетте айналамыздағы біз елемейтін дыбыстар бір-бірімен өзінше үйлесім тауып, ерекше әуенге айналады.
1991 жылы КСРО құлдыраған соң жаңа дәуір — тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталды. Онымен бірге танымал музыка да туып, өзгеріп, сол заманға, буын мен мәдениетке тән құбылыстарды айшықтап отырды. 1991 бен 2023 жылдардың арасында тұп-тура 32 жыл жатыр. Дәл осы кезең «91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабында қамтылды. Әр жылды бір секунд деп елестетсек, 32 секунд үнсіздік болады екен. Бұл тарихты әлдекім баяндап бермесе, қазақ музыкасының тұтас бір кезеңі ұзақ үнсіздік арасында ұмыт қалып қояр ма еді?..
«91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабы осы үнсіздіктің орнын толтырды. Кітапта тұтас бір дәуірдің үні, тарихы мен әндері топтастырылған.

«91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабы — 1991 бен 2023 жыл аралығындағы жергілікті поп-сахнаның эволюциясын тұтастай жинақтауға күш салған тұңғыш еңбек. Жобаны Батырхан Шүкенов атындағы қор іске асырды. Кітап сұхбаттарды, мұрағат деректері мен сараптама материалдарды арқау етті.
Былтыр 30 қарашада кітаптың тұсаукесері өтті, ал биыл наурызда еңбегіміз сот шешімімен сатылымнан алынып тасталды. Оған кітапта шығармашылығымды сипаттауда «жеке мүліктік емес және айрықша құқықтарым бұзылды» деген бір кейіпкердің сотқа түсірген талап-арызы себеп болды.
Осылайша авторлар мәтінді ғана емес, мәдени мұраны сақтап қалу құқығын да қорғауға мәжбүр болды.
Әуелде талап-арызда көрсетілген өтемақы сомасы — 195 млн теңге болды. Бұл — жас музыканттарды қолдауға, ағартушылыққа және музыкалық сахнаны дамытуға бағытталған BATYR LAB резиденциясының шамамен 4,5 жылдық жұмысына жететін қаржы.
Сегіз айға созылған сот процесі кезінде біраз ресурс кетті: команданың уақыты, заңгер көмегі мен соның бәрін ұйымдастырғанға көп күшімізді сарп еттік.
Қор жұмысы тоқтамағанымен, кей жобалар амалсыз қысқарып не кейінге шегеріліп қалды. Өйткені бұл кезеңде бар күшіміз де, қаржымыз да кітапты сотта қорғап қалуға кетті. Сөйтіп жаппай қолдау табамыз, ары қарай өсеміз деп отырған біз әлдеқашан атқарылған жұмысымызды аман алып қалу үшін күресуге мәжбүр болдық. Бұл соттан тәуелсіз зерттеу жүргізу ісіне де қатер төнді.

№ 91-23 ісі
№ 91-23 ісі
№ 91-23 ісі
Қазақстан музыкасы туралы кітап қалай сотқа тартылды?

Елестетіп көріңіз
Елестетіп көріңіз
Елестетіп көріңіз
Тұтас бір кезеңнің тарихын кітапқа сыйдыру үшін материал жинап, музыканттармен сөйлесіп, мұрағат деректерін сүзіп, көп еңбек еттім деп елестетіп көріңізші. Ақыры кітабыңыз жарық көреді. Жұрт оны оқып, еңбегіңіз мәдени талқының бір бөлшегіне айнала бастайды. Бірақ көп өтпей кітабыңызды сатылымнан алып тастайды. Қазақстандағы поп-музыканың шежіресін жазып, ақырында сотқа тартылған «91–23» кітабының қысқаша тарихы осындай.

Қазір кітап қайда?
Қазір кітап қайда?
Ескерту: Қазір істің кассациялық сотта қаралғанын күтіп отырмыз. Бірінші инстанциядағы сот шешімі заңды күшіне енді, ал кітапты айналымнан алып тастау жөніндегі қаулы күшін жойды.

30 қараша, 2024
«91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабы жарық көрді
2 наурыз, 2025
талап-арыз түсірілді
Талапкер мынадай талаптар қойған:
• кітапты контрафакт деп тану
• оны айналымнан шығарып, тиражының көзін жою
• авторлық құқықты бұзғаны үшін 167 880 000 теңге көлемінде өтемақы өндіру
• моральдық залал үшін 27 000 000 теңге өндіру
• талапкерге барлық сот шығынын өндіру
11 наурыз, 2025
Шешімді орындау шаралары қабылданды. Сот кітапты таратуға уақытша тыйым салды. Қор есепшоты мен мүлкіне бұғат қою туралы талапты сот мақұлдаған жоқ

21 сәуір, 2025
алдын ала сот тыңдауы өтті
27 мамыр, 2025
талаптар нақтыланды
Арызданушы өзі сұраған өтемақы сомасын 111 920 000 теңгеге түсірді — талапкер кітаптың тиражын 3 000 емес, 2 000 дана деп қайта есептеді.
*Кітаптың тиражы әуел бастан 2 000 дана болған.
2 шілде, 2025
бітімгершілік келісімі талқыланды
Талапкердің ұсынысы:
• жазбаша кешірім сұрау
• алғашқы тираждың көзін жою
• өзі енгізген түзетулермен жаңа тиражды басып шығару
• сот шығындарын өтеп беру
Қордың ұсынысы:
• тираждың көзін жою орнына оны кітапханалар мен білім беру ұйымдарына тарату (дауды бұлай шешкенге талапкер келіскен жоқ.)

шешімді орындау шаралары қабылданды
шешімді орындау шаралары қабылданды. Сот кітапты таратуға уақытша тыйым салды. Қор есепшоты мен мүлкіне бұғат қою туралы талапты сот мақұлдаған жоқ
21 сәуір, 2025
алдын ала сот тыңдауы өтті
27 мамыр, 2025
талаптар нақтыланды
Арызданушы өзі сұраған өтемақы сомасын 111 920 000 теңгеге түсірді — талапкер кітаптың тиражын 3 000 емес, 2 000 дана деп қайта есептеді.
*Кітаптың тиражы әуел бастан 2 000 дана болған.
2 шілде, 2025
бітімгершілік келісімі талқыланды
Талапкердің ұсынысы:
• жазбаша кешірім сұрау
• алғашқы тираждың көзін жою
• өзі енгізген түзетулермен жаңа тиражды басып шығару
• сот шығындарын өтеп беру
Қордың ұсынысы:
• тираждың көзін жою орнына оны кітапханалар мен білім беру ұйымдарына тарату (дауды бұлай шешкенге талапкер келіскен жоқ.)

Бітімгершілік келісіміне неге қол қойған жоқпыз?

Бұлай етсек, іс материалдарында анықталмаған заң бұзушылық болғанын мойындап, зерттеудің мазмұнын өзгертуге және қолдағы тираждың көзін жоюға міндетті болар едік. Бұл талаптар дәлелдемелік базаға да, кітап жазу жұмысының мәніне де қайшы келеді.
Талапкердің процесс барысында түсірген қосымша өтініштері:
• құжаттарды жалған деп тану
• Қор директорын (Наргиз Шүкенованы) полиграфта тексеру
• өзінің жай-күйін бағалау үшін психологиялық сараптама тағайындау
• отырыстарды жабық өткізу
Сот істі жабық қараудан басқа өтініштерді мақұлдаған жоқ.

Полиграф пен сараптама өтініші неге қабылданбады?

• Полиграф азаматтық істе айғақ деп қарастырылмайды.
• Адамның күйзеліске түскен-түспегені заң бұзушылық фактісін айқындамайды. Даудың мәні — авторлық құқықтың бұзылған-бұзылмағанын анықтау, субъективті баға бұл мәселеде есепке алынбайды.
4 шілде, 2025
Талапкер судьяға және сот процесі бойынша бірқатар мемлекеттік органға шағым түсірді.
13 тамыз, 2025
Бірінші инстанциядағы сот шешімі шықты
Талап-арыз толығымен қанағаттандырылған жоқ. Сот кітапты:
• контрафакт емес
• авторлық құқықты бұзбайды
• зерттеу әрі ағарту мақсатындағы жұмыс деп таныды.
11–12 қыркүйек, 2025
Талапкер үш апелляциялық шағым түсірді.
23 қазан, 2025
Талапкер ақшалай өтемақы өндіру туралы талаптан бас тартып, өтініш түсірді.
28 қазан, 2025
Батырхан Шүкенов атындағы қор апелляцияда жеңіске жетті.
Апелляциялық сот шешімді күшінде қалдырды: кітап зерттеу еңбегі ретінде авторлық құқықты бұзбаған әрі заңға сай жазылған деп танылды.

Апелляциялық инстанцияның 28 қазанда шығарған қаулысы

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 7-бабына сәйкес, қорғалатын нысан — шығарманың идеясы, тақырыбы немесе онда келтірілетін фактілер емес, оның төл формасы.
Басылым әдеби-ақпараттық жинақ ретінде әзірленіп, сол күйінде таратылған, ал аналитикалық сипаттамада шығармаларды жай ғана атап өткенге оның авторынан рұқсат алудың қажеті жоқ.
Кітапта әннің атауын көрсету авторлық шығарманы қайта өндіру не өңдеу деп саналмайды, сондықтан бұдан автордың құқығы бұзылмайды.
Кітапты контрафакт деп тану үшін шығарманың объективті түрде пайдаланылғаны дәлелденуі қажет. Мұндай дәлел келтірілмегендіктен, «автоматты түрде контрафакт деп тану» туралы уәж негізсіз және заңға қайшы».
Наргиз Шүкенованың сөзі
Наргиз Шүкенованың сөзі
Наргиз Шүкенованың сөзі
Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры, кино, мәдениет және өнер саласындағы жобалардың продюсері, 2014–2018 жылдары өткен Clique Fest тәуелсіз кинофестивалінің негізін қалаушы, The Buhars жобасының тең құрылтайшысы

0:00/1:34
«Менің мұраны сақтау, оны таныту ісімен айналысып келе жатқаныма жеті жыл болды. Осы уақыт ішінде қаншама дүниені жоғалтып алғанымызды анық түсіндім. Тіпті қасында командасы болған, жеке мұра қалыптастырудың маңызын түсінген ағам Батырхан Шүкеновтің өзі толық іске асырып үлгермеген дүниелер көп екен, оның жолы туралы кейбір маңызды деректер сақталмай қалған. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталғалы отыз жылдан асты, бірақ осы уақыттың өзінде біз өзіміз туралы мол мұраны сақтап қала алмадық. Ал бұл білім, бұл тарих — біздің ортақ тіліміз бен болмысымыздың өзегі. Осы мұраны сақтап қала алмасақ, бізді қоғам етіп тұрған негізден айырылып қалуымыз мүмкін.
Мені алаңдататыны — осы саладағы қорқыту-үркітудің салдары. Өзін-өзі цензуралау күшейгенін, мұның тәуелсіз баспагерлерге қатты ықпал етіп отырғанын және олар жергілікті авторлармен жұмыс істейтін біраз бағдарламаны жауып тастағанын көріп отырмын. Бұл — мағыналы мазмұнмен жұмыс істегісі келетін, ойланғысы келетін, пікір білдіргісі келетін барлық адамға әсер ететін өзекті мәселе. Қазақстанда мәдени мұрамен негізінен мемлекет айналысады, бірақ тәуелсіз бастамалар ғана әртүрлі пікірдің айтылуына мүмкіндік беріп, қоғамның толымды да шынайы бейнесін қалыптастырады, оны байыта түседі. Мұраны меншіктеп алу — маған тән емес. Сондықтан біздің кітабымызда түрлі тәжірибесі мен сан алуан көзқарасы бар адамдардың үні қатар естіледі. Басқаның хикаясын баяндағанда әлдебір қарсылыққа, келіспеушілікке ұшыраған — қалыпты нәрсе. Нарративті толық бақылау мүмкін емес, ал пікірдің көптігін мен зор күш деп білемін. Өз мұрамызды сақтап қалған, өз мағынамызды қалыптастырған және бұл жолдағы түрлі қарсылыққа дайын болған маңызды. Сөз бостандығының құны — осы. Жақсы адвокаттар мен сенімді серіктердің болғаны да артық етпейді екен, әрине.
Судья зияткерлік меншік нысаны қайта жарыққа шықпаса, басқасы құқық бұзушылық деп есептелмейтінін атап өтті. Заң сөзден құралады, ал ондағы сөзді әркім өзінше түсінеді. Сондықтан сөзге мұқият болған, автор мүддесі мен қоғам мүддесінің арасындағы тепе-теңдікті ұмытпаған және өз құқығыңды қорғауға дайын болған — өте маңызды».

«91–23» кітабы жайында
«91–23» кітабы жайында
«91–23» кітабы жайында
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі қазақстандық танымал музыканың отыз жылдық жолы бір жинаққа топтастырылған. «91–23» — тәуелсіз Қазақстанның поп-сахнасын ішінен таныған адамдар жазған, сол кезеңнің куәсі болған авторлар құрастырған алғашқы ауқымды зерттеу еңбегі. Авторлардың өзі де бұл саладағы өзгерістерге қатысқан, жаңа музыкалық ортаның қалай қалыптасқанына іштен куә болған, кітаптағы кейіпкерлермен жеке таныс. Бұл кітап — құрғақ деректерді тізбектеп шыққан жұмыс емес, тұтас бір дәуірдің тіршілігін таспалау жолындағы талпыныс.

аса сарапшы мен контрибьютор қатысты
ай жұмыс істедік
аса адам қамтылды: музыканттар, топтар, продюсерлер
тарихи кезең қамтылды

5 бөлім
әрқайсысы белгілі бір музыкалық жанрға арналды
Ондаған дереккөз бар
«Новое поколение» газетінің мұрағатынан бастап, YouTube комментарийлері мен Wayback Machine жазбаларына дейін шолып шықтық
2 тілде жазылды
орысша бөліміне
Esquire Kazakhstan-ның бұрынғы бас редакторы Александр Медведев
қазақша бөліміне
журналист Әділ Айжарық жауапты болды

Кітап
КАК
қалай жазылды?
қалай жазылды?
«91–23» жобасы аясында шығарушы редактор әрі арт-директор Малика Кохан мен Наргиз Шүкенова деректерді жинау мен талдаудың өз әдістемесін құрды. Бұл тәсіл Қазақстанның музыкалық сахнасына бейімделе жасалды: музыка ел ішінде қалай пайда болатынын, қандай ортада қалыптасатынын, адамдар, сахна мен дәуірлер бір-бірімен қалай сабақтасып жатқанын зерделеу арқылы туды.
Дайын соқпақпен жүргеннің орнына, команда жергілікті және шетелдік ғылыми-көпшілік еңбектерді мұқият зерттеп, өзіне тән жұмыс әдісін қалыптастырды.
«Біз қолдағы деректердің шашыраңқы екенін, тіпті кейде жүйелеуге де келмейтінін жақсы түсіндік. Сондықтан елдің музыкалық ландшафтының тұтас картинасын құрастыру үшін сахнада айналасындағы адамдарды — музыканттарды, продюсерлерді, зерттеушілерді шақырдық. Қосалқы авторларды таңдағанда да музыкатанушыларды ғана емес, біз сияқты зерттеуші әрі энтузиаст адамдарды іздедік», — дейді Малика.

Материалдарды естеліктер, ауызша әңгімелер, мұрағат деректері, YouTube-та жазылған пікірлер мен осы сала мамандарының жеке архиві арасынан сүзіп шықтық. Соның арқасында 1991–2023 жылдар аралығында қалыптасқан әртістердің, топтар, продюсерлер мен шығармашылық бірлестіктердің ұзақ та толымды тізімі жасалды. Осылайша кітап есімдерді тізіп қана шықпай, тұтас дәуірдің келбетін де көрсете алды.
Хронология бұл еңбекті жүйелеп қана қоймай, елдегі музыка экожүйесінің қалай өзгергенін бейнелеген құралға айналды: бір буын сахнаға келіп жатса, енді бір буын өнерден кеткен сәттер, уақытпен бірге құбылған әуен мен ырғақтар — бәрі осы тізбекте айқын көрінеді.
«Осылайша біз дәуірлер сабақтастығын, музыкалық сахнаның қалай өзгергенін және мәдениеттің қоғамға ықпалын айқын көрсете алдық», — дейді Малика.

«91–23» — түпкілікті тұжырым емес, жеке естеліктерге, диалогке және түрлі көзқарасқа орын берген зерттеу. Кітап барлық сұраққа әмбебап жауап ұсынбайды, керісінше, оқырманды талқыға үндейді.
«Мақсатымыз — кітап пен оқырман арасында ашық әңгіме өрбіту болды. „91–23“ — бұл оқырманмен бірге Қазақстан музыкасының тарихына, өз түп-тамырымыз бен болмысымызға үңілетін еңбек. Ол тас-түйін қатып қалған энциклопедия да, ешкімді ұмыт қалдырмауды көздеген том-том еңбек те емес. Бірақ біз Қазақстан музыкасы арқылы өз тарихымыз бен өзімізді тану жолында алғашқы қадам жасағымыз келді», — дейді Малика.

91
23

Асылбек
Әбдіқұлов
Асылбек
Әбдіқұлов
«91–23» кітабының айналасындағы сот процесі авторлық құқық жөніндегі дау ғана емес, Қазақстанда мәдени мұраны сақтау ісімен айналысатындардың бәріне маңызды прецедент болды. Бұл жағдай заңды жалпылама тәпсірлеу кезінде зерттеу жүргізу құқығы қаншалықты енжар екенін көрсетті.
Зияткерлік құқық бойынша сарапшы, 36 жылдан астам еңбек өтілі бар, соның ішінде 20 жыл интеллектуалдық меншік қорғау саласында еңбек еткен, Қазақстанның патенттік сенім білдірілген өкілі Асылбек Әбдіқұлов осы істі сотта жүргізіп, іс бойынша мынадай құқықтық талдау жасады:

«Біздің негізгі міндетіміз — заңда шығарманың формаcын қорғау мен тарихи фактілерді сипаттау құқығы айқын ажыратып көрсетілгенін дәлелдеу болды, — дейді Асылбек Әбдіқұлов. — Біз талапкердің автор ретіндегі құқығын жоққа шығармадық. Бірақ зерттеу жұмысының табиғаты “еркін пайдалану” қағидатына сай келеді деген ұстанымды алға тарттық».
Қорғау стратегиясы сотқа екі ұғымның арасындағы айқын айырмашылықты дәйекті түрде түсіндіруге негізделді: мәдени контексте шығарманы «атап өту» мен оны «қайта жарыққа шығарудың» арасы жер мен көктей. Асылбек Әбдіқұловтың айтуынша, «91–23» кітабында авторлық шығарма болып саналатын ешқандай ноталық жазба, ән мәтіні немесе өзге де объективті элементтер жоқ. Заңгерлер Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 15-бабына сүйене отырып, шығарманың атауы, идеясы не әлдебір фактілер емес, сол шығарма жарық көрген бірегей форма ғана авторлық құқықпен қорғалатынын алға тартты.
«Кітаптағы даулы эпизодтардың әрқайсысын мұқият талдап шықтық, — дейді заңгер. — Біздің ұстанымымыз: тарихи шолу аясында ән атауларын атап өту — заң бұзу ретінде емес, ғылыми және ақпараттық мақсаттағы дәйексөз деп қана саналуға тиіс. Бұл — тікелей заңмен рұқсат етілген әрекет. Сот та осы көзқарасты қолдап, зерттеу кезінде әр атау бойынша автордан жеке рұқсат алудың қажеті жоқ дегенге келісті».
Бұл істе жеңіске жетуімізге құқықтық ұстанымды терең әрі тиянақты әзірлегеніміз, сондай-ақ сотқа зерттеу әдісінің мәнін егжей-тегжейлі түсіндіргеніміз әсер етті. Бұл кейс сауатты құрылған құқықтық стратегия тек бір жобаны емес, Қазақстандағы мәдени зерттеулер саласына ортақ құқықтық қауіпсіздікті нығайта алатынын көрсетті.
Құқықтық қорытынды: «91–23» ісі бойынша шығарылған шешім авторлық құқықты бұзу мен заңды зерттеу әрекетінің ара-жігін нақты айырып берген маңызды прецедент қалыптастырды. Сот мәдениеттану мен тарих ғылымының дамуы мәдени артефактілерді жай атап өткені үшін «контрафакт» деп айыпталу қаупінсіз іске асуға тиіс деп ресми түрде бекітті.

Даудың құқықтық контексі
Даудың құқықтық контексі
Талап-арыз деген не?
Бұл — сот процесінің басталуына түрткі болатын ресми құжат. Онда талапкер даудың мәнін сипаттап, өз құқығы қалай бұзылды деп есептейтінін көрсетеді және жауапкерге талаптарын жазады (мысалы, кітапты таратуға тыйым салуды не өзін автор деп тануды сұрайды).
Талап-арызға жауап деген не?
Бұл — жауапкердің талапкер арызына жауап ретінде сотқа жолдайтын жазбаша ұстанымы. Онда арызданушының талаптарын жоққа шығаратын немесе күмән тудыратын уәждер мен дәлелдер баяндалады.
Қазақстанда авторлық құқық қандай заңдармен реттеледі?
Негізгі құқықтық база үш құжаттан тұрады: Қазақстан Республикасының Конституциясы — меншікті, сөз бостандығын және шығармашылық еркіндігін қорғауды қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекс — зияткерлік меншікті ғылыми, әдеби, көркем және өзге де шығармашылық қызмет өніміне берілетін айрықша құқық ретінде айқындайды. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы — авторлардың жеке (мүліктік емес) және мүліктік құқықтарын егжей-тегжейлі реттейді және оларды қорғау тетіктерін белгілейді.
Қандай халықаралық келісімдер жұмыс істейді?
Қазақстан бірнеше негізгі конвенцияларға қосылған, олардың қатарында: Әдебиет және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясы, Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Фонограмма өндірушілерінің мүдделерін қорғау туралы конвенция, Орындаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтары туралы халықаралық конвенция, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) шарттары.
«Еркін пайдалану» қағидаты деген не?
Бұл — автор мен дереккөзді көрсетіп, зерттеу, білім беру және мәдени мақсатта шығарманың жекелеген бөліктерін автордың рұқсатынсыз пайдалануға мүмкіндік беретін норма. Автордың рұқсатынсыз шығарманы толық көшіру, коммерциялық мақсатта пайдалану не мазмұнын бұрмалау құқық бұзу деп есептеледі.
Неге «91–23» кітабында әр эпизодта авторларды жеке-жеке көрсеткен міндетті емес еді?
«91–23» — зерттеу жобасы. Кітапта ән мәтіндері, ноталар немесе партитуралар жоқ; тек фактілер, даталар мен есімдер берілген. Соттың өзі атап өткендей, аналитикалық сипаттамада шығарманың атауын жай атап өту — заң тұрғысынан пайдалану болып есептелмейді және ол үшін жеке рұқсат алғанның қажеті жоқ. Кітап авторлары өзгенің авторлық құқық объектілерінен коммерциялық пайда көрмейді, тек тарих пен контексті қағазға түсірді. Сонымен бірге материалды түсінуге септесетін маңызды тұстарда авторлық міндетті түрде көрсетілген. Кітап көлемді болып шықты. Біздің есептеуімізше, әрбір атаудың қасына авторлық деректерді толық енгізер болсақ, кітап көлемі тағы 200 бетке көбейіп кетіп, оқырманға қолайсыз әрі тым күрделі еңбек шығар еді.
Дау туған жағдайда қандай шаралар қабылданады?
Сотқа дейінгі шаралар — талап қою, келісімге келуге талпыныс. Сот арқылы қорғау — құқықтарды тану, құқық бұзушылықтарды тоқтату, залалды өтеу, іскерлік беделді қалпына келтіру. Іс қаралған кезде әр тарап өз уәжін дәлелдеуге міндетті (құжаттар, анықтамалар, сараптамалар мен мамандардың қорытындыларын ұсыну керек).

Әлемдегі тәуелсіз мәдени жобалардан бірер мысал

«91–23» — тәуелсіз Қазақстанның поп-музыкасы туралы шыққан алғашқы кітап. Мұндай бастамалар басқа елдерде де бар: зерттеушілер, музыканттар мен тәуелсіз баспалар мәдени жадты сақтап қалу үшін және ұмыт қалуы мүмкін құбылыстарды тіркеп алу дәл осындай жобаларды іске асырады.

Қазақстандағы заманауи интерьер эстетикасын зерттеген алғашқы авторлық фотокітап. Жинақта фотографтың субъективті көзқарасы арқылы түсірілген отандық дизайнерлердің 30-дан астам жобасы бар.
Дамир Өтеген
«Кеңістікті көру»
Қазақстан

Посткеңестік поп-музыка тарихы 169 ән арқылы баяндалады. Әр тарауда нақты бір хит және сол ән жайында естеліктер мен терең контекст берілген. Кітапты тәуелсіз зерттеуші құрастырған, ол аймақтағы мәдени жадының бірегей шежіресіне айналды.
Александр Горбачёв
«Ұялма»
Ресей

Әлемдік поп-индустрия қалай жұмыс істейтінін зерттеген журналистік кітап: корей музыкалық индустриясынан бастап, швед сонграйтерлеріне дейін қамтылған. Жаһандық поп-сахнаның көп көзінен таса тұстарын алғаш ашып көрсеткен еңбектердің бірі.
Жон Сибрук
«Ән мәшинесі. Хиттер фабрикасының ішінде»
АҚШ

Украин азаматтарының портреттерін, жеке хикаялары мен зерттеулерін топтастырған фотокітап. Тәуелсіз көркем-белсенділік жоба ретінде жарық көрген. Еуропа мен АҚШ-та тегін таратылып, соғысқа назар аудартуды мақсат етті.
Марк Невилл
«Танкті кітаппен тоқтату»
Ұлыбритания / Украина

Аз данамен фотокітаптар мен зиндер шығаратын тәуелсіз баспа. 2005 жылдан бері британ қоғамының күнделікті тіршілігін бейнелейтін деректі сериялар жариялап келеді және оларды кең аудиторияға таратады.
Café Royal Books
Ұлыбритания

1968 жылы тәуелсіз суретшілер шығарған әйгілі фотокітап. Авторлар суреттер «ой салсын» деген ұстаныммен жұмыс істеген. Жоба бір жылдай ғана өмір сүргенімен, жапон фотографиясының визуал тілін өзгертіп, тұтас бір буын суретшілеріне бағыт-бағдар берді.
Provoke
Жапония (қайта басылған, Токио)

Престон қаласы туралы DIY-фотозин. Уақыт өте келе көрмеге, дәріске және басылымға ұласқан ауқымды жоба. Бұл бастама жергілікті тарих мемлекеттің қатысуынсыз-ақ қалай мәдени құбылысқа айнала алатынын көрсетті.
Preston is My Paris
Ұлыбритания

Дамир Өтеген

Қазақстандағы заманауи интерьер эстетикасын зерттеген алғашқы авторлық фотокітап. Жинақта фотографтың субъективті көзқарасы арқылы түсірілген отандық дизайнерлердің 30-дан астам жобасы бар.
Дамир Өтеген
«Кеңістікті көру»
Қазақстан
Александр Горбачёв

Жон Сибрук

Марк Невилл

Cafe Royal Books

Зерттеушілер не дейді?
Зерттеушілер не дейді?
Біз «91–23» кітабы мен оның айналасындағы жайттар туралы зерттеушілерден, тарихшылардан, мәдениеттанушылар мен музыка индустриясының өкілдерінен пікір сұрадық. Олардың сөзі бұл кітаптың құндылығы, мәдени мұраны құжат түрінде сақтап қалған неге маңызды екені және бұл дау қандай мәселелерді әшкерелеп бергені жайлы болып шықты.

Нариман Шелекпаев
Йель университеті, Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бойынша профессор
Қазақстанда мәдени зерттеулерге неге әлі күнге дейін қолдау аз?
«Қазақстанда бұл сала әбден кенже қалған. Бірлі-екілі жобаны ғана айтпағанда, университеттер деңгейінде тәуелсіз зерттеулерді қолдау жоқтың қасы. Бұл жүкті қорлар немесе жекелеген меценаттар арқалап жүр. Оның өзі жүйелі қолдау емес, сирек туатын мүмкіндік қана. Мәдениетті идеологиямен де, дінмен де, жекелеген адамдарды таныту талпынысымен де шатастыруға болмайды. Мәдениет — мемлекеттің меншігі емес, онсыз прогресс болмайды».
Жергілікті дауыстар неліктен үлкен аудиторияға жете бермейді?
«Таланттар түбінде өз аудиториясын табады. Бұл — уақыт еншісіндегі мәселе. Тыңдарманның саны емес, аудиторияның сапасы маңызды. Жергілікті ме, жаһандық па — шығармада мағына мен маңызды ой болмаса, оның еш мәні жоқ. Танылуға тиіс дүние түбінде танылады».
«91–23» кітабы Қазақстанға неге маңызды?
«Бұл кітаптың пайдасы зор деп санаймын, себебі ол — мол ақпарат жинақталған компендиум және кәсіби деңгейде жазылған эсселер жинағы. Ол осы саладағы бос кеңістіктің орнын толтырды. Жоба авторлары бұл істі бастамағанда, мұндай дүние шықпас еді. Кітап зерттеушілер мен оқытушылар үшін оқу құралы ретіндегі маңызымен қатар, музыкасүйер қауымға да, reference guide ретінде де өте пайдалы. Тап қазір қазақ эстрадасының тарихын дәл осылай толық қамтыған басқа еңбек жоқ».

Нариман Шелекпаев
Нариман Шелекпаев
Профессор истории и культуры Центральной Азии, Йельский Университет

Раушан Жұманиязова
өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Барлық әртіс туралы неге бірдей көлемде жазылған жоқ? Неге кей өнерпаз мүлде кірмей қалған?
«Академиялық жазудың этикалық принципі бойынша, талдаудың қорытындысына әсер ететін тұстарда немесе талдау нысаны нақты бір шығарма болған жағдайда авторлықты көрсету керек. Бұл кітапта осы талап сақталған. Мұндай тәсіл Chicago Manual of Style (14–15-тараулар) нұсқауларына да сәйкес келеді: жұмыстың құрылымы сондай шешімді талап етсе, мәдениеттану мәтіндерінде іріктемелі атрибуцияға жол беріледі»
Қазақстан мәдениеті туралы кәсіби әрі еркін талқыға не кедергі?
«Қазақстан мәдениеті туралы кәсіби диалог қалыптастыруға бөгет болып тұрған нәрсе — тарихи қалыптасқан “мәдени кеден”. Онда сан түрлі шектеу мен тыйым бар. Соның бірі — посткеңестік, отарлық инерциядан қалған терминдер. Біз әлі күнге дейін өз мәдениетімізді өзгенің канондары арқылы сипаттаймыз. Көп жағдайда кәсіби сараптаманы селқос қойылған мөр алмастырады, ал ашық пікірталасты “ойды дұрыс жеткізу” деген ұмтылыс бөгейді. Сөйтіп сын жұмсарды, кәсіби талқы әлсіз яки мүлде жоқ. Ал сын жоқта даму да болмайды»
«91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабына жазылған рецензиядан
Авторлары:
Зира Наурызбай, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, ғылыми және публицистикалық еңбектер авторы
Раушан Жұманиязова, өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Мұрагерлер не дейді?
Мұрагерлер не дейді?
Музыка туралы жады дегеніміз — құрғақ мұрағат емес. Ол — соларды сақтап жүрген сатушылар, профессорлар, тыңдарман мен көше музыканттары, яғни мәдениетті тірі күйінде ұстап тұрған адамдардың бәрі. Барлық пікір қысқа дәйексөз түрінде берілген, ал кейбір сұхбаттың толығырақ аудионұсқасы да бар.

Музыка тарихы даталар мен фактілерден ғана тұрмайды. Ол — сол дәуірді көрген, зерттеген, әлі сол ісін жалғастырып жүрген адамдардың үні. Кітапта мұрагерлердің, мәдениеттанушылардың, зерттеушілердің, фестиваль ұйымдастырушыларының, музыканттар мен винил дүкендері иелерінің пікірі берілген. Олардың әрбірі — өз тәжірибесі арқылы музыкалық мұраны сақтап, кейінгі толқынға жеткізіп жүрген тұлғалар.
Олар «91–23» сияқты кітаптар не үшін қажет екенін, кейінгі онжылдықта музыканы қабылдау қалай өзгергенін, мәдени жадымен жұмыс істеу мен жаңашылдыққа бейіл болған неге маңызды екенін айтады.

Лиора Айзенберг
Гарвард университетінің магистрі, Гарвардтың аспиранты, Принстон университетінің (summa cum laude, Phi Beta Kappa) түлегі, Blavatnik Archive Research Fellowship, American Councils Title VIII Eurasia Research Scholar Grant, Critical Language Scholarship сынды зерттеу гранттары мен стипендияларының иегері.
Бүгінде музыкалық мұра қалай сақталады? Марқұм болғандар туралы жазуға бола ма? Ал тірілер туралы ше? Қалай жазған дұрыс?
«Қазақстанның музыкалық мұрасы бүгінде біршама жақсы сақталып отыр. Этно және халық музыкасы сияқты ежелгі жанрлар жақсы қолдау табады: фестивальдер өтеді, Домбыра күні бар. Бірақ, мысалы, 50–60-жылдардағы кеңестік эстрада әлі толық зерттелмеген. Ескендір Хасанғалиев тәрізді тұлғалар немесе “Айгүл”, “Жетіген” сияқты алғашқы ансамбльдер туралы көп ештеңе жазылмаған. Ал “Дос-Мұқасан” тобының мұрасы жақсырақ сақталған, фильмнің арқасында олар ретро-канонның бір бөлігіне де айналды.
Өмірден өткен өнерпаздар туралы жазуға болады, әрине, бірақ бұл оңай емес: олардың туыстары мен жақындарының сезіміне тиіп кетпеген жөн. Ал тірілер туралы жазған одан да қиын: не айтуға болады, не айтуға болмайды деген жазылмаған ережелерді бұзып алуыңыз мүмкін.
Маған ең маңыздысы — мәдени, тарихи, саяси деңгейдегі контексті ескеру. Маған топтардың өзін “осы жанрдағы тұңғышпыз”, “осы аспапты алғаш қолданған біз” дейтіні ұнамайды. Қазақстанда мұндайды кем дегенде үш ұжымнан естідім. Қазақ музыкасының тарихын білместен жасалған мұндай мәлімдемелер шындықты бұрмалайды, ал біз тарихқа деген бейтарап көзқарастан айырылып қаламыз».

Александр Дериглазов
«Меломан» және «Marwin» желілерінің теңқұрушысы.
1990–2000 жылдары Алматыда жұрт музыка ілімін қайдан жинайтын және музыканы қалай (және қайдан) тыңдайтын?
90-жылдары Қазақстандағы мәдениет жаңа ғана ашыла бастаған кезең еді. Музыканы жұрт кассеталардан бастап CD-дискілерге дейін жинап, іздеп жүріп тыңдайтын.
«Біз жұмысты дыбыс жазу киоскілері пайда болмай тұрып бастадық. Бізді алға жетелеген бір нәрсе — музыкаға деген махаббатымыз бен әлем мәдениетін өз азаматтарымызға тарата аламыз деген сенім еді. Музыка мен фильмге сұраныс өте жоғары болды: кеше ғана тыйым салынған дүниелер ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі ғой.
Алғашында кеше ғана қол жетпестей көрінген мейлінше көп жаңа альбом не фильмді табуға күш салдық. Адамдар музыкаға шөлдеп тұрған заман еді. Уақыт өте келе міндетіміз өзгерді: контент тым көбейіп кеткенде біз бәрін ретсіз жинай бергенді қойып, ең жақсыны іріктеп таңдап алатын болдық. Әлемдік сұранысты, көрші нарықтарды, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, ең сапалы өнімді ұсынып отыратын болдық.
Музыканы жұрт әртүрлі тәсілмен тыңдады: әуелі кассеталар болды, кейін CD келді, одан соң DVD қосылды, аз да болса винил қайта жандана бастады. Бірақ ең маңызды нәрсе — музыка үй ішінде ғана ойнап тұрмайтын болды. «Меломан» дүкендеріне адамдар тек диск сатып алуға емес, жаңалықтарды талқылауға, басқалардың не тыңдап жүргенін білуге де жиналатын».
Қазақстандағы тәуелсіз жобалардың болашағы бар ма? Сынмен қалай жұмыс істеу керек?
«Әлем қазір бар жағынан — қарапайым жейдеден бастап музыкаға дейін тәуелсіз әрі бірегей дүниеге құмар. Сондықтан тәуелсіз жобалардың болашағы жарқын екені сөзсіз. Қазақстанға деген қызығушылық та біртіндеп күшейіп келеді: біздің авторлар халықаралық деңгейге жиірек шыға бастады. Сын — жалпы қоғамға да, әрбір шығармашыл адамға да маңызды. Пікір көп екенін ескере отырып, оны салқынқанды қабылдай білу керек. Өз бағытыңа сенсең және қасыңда аз болса да сенім артатын командаң болса, алған бетіңнен тайма. Сынды елемей қоюға болмайды, әрине, бірақ сынады екен деп өзіңді жоғалтып алмау керек».

Лаура Ділмұрат
PhD докторы, «Қазақстанның заманауи көркем көрмесі» монографиясының авторы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы.
«91–23» сияқты тәуелсіз жобалар Қазақстанның мәдени жадын сақтауда қандай рөл атқарады?
«Мен “91–23” кітабын қатардағы еңбектің бірі емес, Қазақстанның тәуелсіз музыкасын жасаған және жасап жүрген адамдардың тірі дауысын таспалаған жұмыс деп білемін. Олардың арманы, қателігі мен жетістігі туралы мұра. Мұндай деректер көбіне ұмыт қалып қояды. Біз музыканы және оның тарихын қағазға түсіріп отырмасақ, елеусіз қалатын ескі суреттер мен хаттар сияқты өзіміздің бір бөлшегімізді де жоғалтып алуымыз мүмкін. Музыка — уақыттың жаны. Сол жансыз бізге өзімізді, кім екенімізді түсінген қиын. Мен бұл кітап мәдениет жолын өз бетінше іздеп жүргендерге шамшырақ болар деп сенемін. Бұл еңбек шабыт береді, демейді және тәуелсіз болу деген шынайы әрі еркін болу екенін еске салады».

Анастасия Решетняк
зерттеуші, тренер, жобаларды мониторингілеу және бағалау маманы, БҰҰ, ЕҚЫҰ, USAID, GIZ сияқты ұйымдармен сарапшы ретінде жұмыс істейді.
Зерттеушілер қалай даудың алдын алуы керек? Қысым жасалып жатқан жағдайда не істеген дұрыс?
«Зерттеуге келгенде этикалық мәселелер мен мүдделер қақтығысы — жоспарлау кезеңінде және тәуекелдерді басқару стратегиясын әзірлеуде міндетті түрде қарастырылатын дүниелер. Бұл тек мүмкін болатын теріс реакциядан “қорғану” үшін ғана емес, ең алдымен зерттеу нәтижелерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және жобаға деген сенімді қалыптастыруға керек.
Кейде зерттеушілерге қысым жасалып жатады. Ондай кезде командада ішкі қолдау жүйесінің болғаны маңызды. Сондай-ақ қысым жасалып жатқан жағдайда кейін көмек сұрау үшін бәрін жазбаша тіркеп отыру керек».

Болашақ жобаларға чек-лист
Болашақ жобаларға чек-лист
Жеке тәжірибе адамға мол шабыт сыйлайды. Кейінгі жобаларына азық болатын сабақ та алады. Біз осы істен не түйгенімізді топтап, болашақ авторларға шағын чек-лист жазып шықтық.

Кітап жарық көрмей тұрып автор нені тексеруі керек?

Мәтінді жарияламай тұрып заңгерлерге көрсетіңіз. Бірнеше маманның пікірі әлдебір қатерді анықтауға көмектеседі.

Әдіснаманы тексеріңіз: ол қаншалықты инклюзив әрі ашық жасалған? Біреу өзін мені әдейі елемей отыр деп қалмас үшін әдіснаманы түсіндіре кетіңіз.

Ақпарат науқанын жүргізіңіз: жобаның қалай және не үшін құрылғанын, материалдардың қалай жиналғанын түсіндіріңіз.

Басқа салалардан үлгі алыңыз: осы бағыттағы зерттеушілер қалай жұмыс істейтінін бақылап, жақсы тәжірибелерді өзіңіз де сынап көріңіз.

Дереккөздерді тіркеп отырыңыз: скриншоттар, аудиожазбалар мен басқа дәлелдерді сақтап қойыңыз. Дау туса, сөзсіз қажет болады.

Интернет-сілтемелерге сенбеңіз: сайттар мен домендер жоғалып кетеді. Материалды жергілікті құрылғыларда сақтағаныңыз дұрыс.

Команда болып жұмыс істеңіз: серіктес болуға тек өнер индустриясының ішінен емес, зерттеушілер мен мәдениет саласындағы мамандарды да тартыңыз.

«91–23» тәжірибесінен

«91–23» тәжірибесінен
Наргиз Шүкеновадан авторларға бірер ақыл-кеңес

«Мәдени мұрамен және ақпаратпен жұмыс істеу ешқашан толықтай объектив болмайды. Мәдениетті қағазға түсіремін деп талаптанған әрбір адам бір оқиғаның бірнеше нұсқасымен, бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі естелікпен танысады. Бірақ сіз бұл істі шын жақсы көрсеңіз, онымен айналысқан сізге қуаныш сыйласа, бұл жұмыс сізге өз болмысыңызды тануға, ішкі сұрақтарыңызға жауап табуға септессе, тосылып қалмаңыз.
Мен өз замандастарым мен бұрынғы буын жайлы шынайы әрі көп жаңа дүниеге қанықтым. Күлкілі видеолар көрдім, ұмыт қалған мәтіндерді қайта оқыдым, ақырында осы білімнің арқасында бойымда зор күш пайда болғанын сездім. Бұл жоба маған мәдениет деген кінәліні іздеу емес, жаңа дүниені жарыққа шығару екенін ұқтырды.
Иә, бізде қалыптасқан баспа дәстүрі әлсіз, орнықты зерттеу ортасы да жоқ, арқа сүйейтін мықты өзек таппай қиналамыз. Сол себепті де мұраны жазып алған, сақтап қалған, бәрімен бөліскен өте маңызды. Өйткені өзіміз туралы қаншалықты көп білсек, бізді басқарған да, адастырған да соншалықты қиын болмақ.
Сыннан да, сәтсіздіктен де қорықпаңыз. Біреулер сіздің мәтініңізді даулы не жайсыз деп санауы мүмкін. Ең бастысы — сіз адамның өмірлік тәжірибесін сақтап қалып отырсыз. Мәдениет пен өнердің мәні де — осы.
Әлдебір қысыммен, қиындықпен немесе сот дауларымен бетпе-бет келсеңіз де, бір нәрсені ұмытпаңыз: идеяны іске асырып, тәуекел еткен — мүлдем әрекет етпегеннен әлдеқайда жақсы. Себебі сабақтастық тек солай пайда болады және әр адамның еңбегі еленгенін, бағаланғанын тек солай көрсете аламыз».
Іс немен бітті?
Іс немен бітті?
Жарық көрген кітабымыз сотта сарапқа салынды. Талапкер мәтінде кей әндердің атауы оның авторларын көрсетпестен жазылғанын авторлық құқықты бұзу деп есептейтінін мәлімдеді. Іс екі инстанцияда қаралды. Ақырында сот кітаптың контрафакт емес екенін, авторлық құқық нысандарын заңсыз пайдаланбағанын және оны зерттеу еңбегі деп танитынын растады.

«Кітаптың мақсаты — тәуелсіз музыкалық сахнаның тарихын, географиясын, байланыстарын, адамдары мен контексін, яғни тұтас келбетін көрсету еді. Оқырман белгілі бір орындаушы туралы оқығанда оның музыкасын өзі іздеп тыңдар деп ойладық және солай болып жатты да. Мәдени мұраның тың форматта жарық көргені — ұмыт қалған әртістерді мәдени кеңістікке қайта оралтып, бүкіл индустрияның мүддесіне жұмыс істейтін құбылыс.
Мұны жеңіс деп қабылдаған қиын. Біз бар болғаны кітапты сақтап қалдық, ал осы сегіз айда қаншама уақытымыз бен күшіміз сарқылды.
«Бұл кітап соңғы еңбек болып қалмаса екен деймін. Жеке бастамалар әлдебір қысымнан қалай оп-оңай күйреп қалуы мүмкін екенін көріп отырмын. Бірақ мәдени мұрамен жұмыс істеу — болашақты қалыптастыратын маңызды іс. Біз бұл кітапты жазып шықпасақ, мұндай еңбек жарық көрмес те еді», — дейді Наргиз Шүкенова.
32 жыл — «91–23» кітабында қамтылған кезең ғана емес. Бұл — бүтін бір циклдің аяқталғанын білдіретін символдық межe, тұтас дәуірді өлшейтін уақыт.
Жон Кейж «Бос кеңістік, бос уақыт деген ұғым жоқ. Көрінетін, естілетін дүние қашанда бар. Біз қанша тырыссақ та, абсолют тыныштық орната алмаймыз» деген екен.
«91–23» жобасының миссиясы да — осы. Бұл кітап қазақ музыкасының тарихын сол бір «үнсіздікке» қия салмай, ұмыт болмауға тиіс адамдардың дауысын, жүрген жолы мен естеліктерін жарыққа шығару ниетінен туған.
«91–23» — бұл үнсіз қалмау құқығы.